Ақпарат Қоғам

«Болашаққа қадам» жобасы аясында Шымкент қаласында түлектермен маңызды кездесу өтті

Қазіргі таңда жастардың өмірлік жолын дұрыс таңдауы, кәсіби бағдар алуы мен психологиялық тұрғыдан дайын болуы – қоғам үшін аса өзекті мәселелердің бірі. Осы орайда Шымкент қаласында «Болашаққа қадам» жобасы аясында кезекті маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Бұл жолғы шара №72 жалпы орта мектептің бітіруші түлектерімен өткізілді. Мектеп қабырғасынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған жас түлектер үшін кездесудің мән-маңызы ерекше болды.

Кездесу барысында оқушыларға кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт көрсету және емтихан алдындағы психологиялық күйзелісті жеңудің тиімді тәсілдері түсіндірілді. Арнайы шақырылған тәжірибелі психолог мамандар түлектермен ашық пікір алмасып, мазалаған сұрақтарына жауап берді. Олар оқушыларға өз қабілетін танып, қызығушылығына сәйкес мамандық таңдаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, стресс пен толқуды басқару әдістері, дұрыс күн тәртібі мен мотивацияны арттыру жолдары да кеңінен қарастырылды.

Шымкент қаласы жастары үшін осындай кездесулердің маңызы зор. Себебі бұл – олардың болашаққа сеніммен қадам басуына, емтихан кезеңінен психологиялық тұрғыдан мықты өтуіне септігін тигізеді. Шара соңында түлектер ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, алдағы үлкен сынақтарға дайындықтарының арта түскенін жеткізді.

«Болашаққа қадам» жобасы алдағы уақытта да Шымкент қаласындағы жас түлектер мен жастарға арналған түрлі кездесулер мен тренингтерді жалғастырмақ. Жобаның басты мақсаты – өскелең ұрпақтың дұрыс бағыт таңдап, сенімді әрі табысты болашағын қалыптастыруына қолдау көрсету.

Қатысты жаңалықтар

«Тегін» сөзінде тартымдылық бар. Бірақ…

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ БАЙЛАНЫС АНТЕННАЛАРЫН ОРНАТАТЫН 11 ЖЕР ТЕЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ

Bastynews

Сіз жұбайыңызды қаншалықты қызғанасыз?: Ендеше анықтап көріңіз

Bastynews