Ақпарат Қоғам

СПАРТАКИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

28 маусым – БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында Шымкент қаласында БАҚ қызметкерлері арасында спроттың 4 түрінен спартакиада ұйымдастырылған болатын. Тартысты болған ойындадарда БАҚ қызметкерлері барын салды. Нәтижесі де жаман емес. Күнделікті журналистік күйбің тірліктен бір сәтке арылып, әріптестер өзара сайысты. Бәрін айт та бірін айт, қалам ұстаған қауым өзара түсіністікпен, мерекелік көңілмен тарасты. Сонымен қорытындысы төмендегідей.Футболда “Үздік қақпашы – “Ернұр” командасының ойыншысына , “Үздік қорғаушы” – “Отырар” командасына, “Үздік ойыншы” – “Оңтүстік” командасына берілсе, жүлделі ІІІ-орынды – “Түркістан тв” командасы, ІІ-орынды – “Түркістан БАҚ” командасы, І-орынды “Қызмет” командасы иеленді.Волейболда ІІІ-орынды “Түркістан БАҚ” командасы, ІІ-орынды “Оңтүстік” командасы, І-орынды “Күнгей” құрамасы алды. Номинациялар бойынша “Үздік ойыншы” – “77 тв командасының ойыншысы Ілесбай Қуандыққа, “Үздік қорғаушы” – “Уақыт” командасының ойыншысы Еркемай Сәбитқызына, “Үздік шабуылшы” – “Айғақ” командасының ойыншысы Ақжол Рахманқұлға берілді.Үстел тенисі бойынша:Қыздар арасында ІІІ-орынды “Шымкент келбеті” командасының ойыншысы Гүлжаухар Бажахай, ІІ-орынды “Отырар” командасының ойыншысы Көшаман Айшабибіге, І-орынды “Оңтүстік” командасының ойыншысы Ташева Аида алды. Ерлер арасында ІІІ-орынды “ДЭР” командасының ойыншысы Жанадилов Бағдаулетке, ІІ-орынды “Күнгей” командасының ойыншысы Әуелбеков Рүстемге, І-орынды “Түркістан БАҚ” командасының ойыншысы Тілеухан Дәурен иеленді.Билярд ойынында І-орынды “Қызмет газеті” командасынан Әшетаев Рүстем, ІІ-орынды “Күнгей” командасынан Мырзалиев Самат, ІІІ-орынды “Отырар” командасынан Абзал Тұрабеков иеленді. Ал, Нұрлан Нұрбеков “Қарт ойыншы” номинациясын иеленсе, “Сұр мерген” номинациясын Ержан Бектұрғанов, үздік ойыншы номинацияларын Тағабай Қасымов пен Ержан Өтеловтер иеленді. Сонымен екі күнге созылған тартыс осылай аяқталды. Шымкенттік БАҚ 45 градус ыстыққа қарамай мерекелік көңіл күймен тарасты. Мереке құтты болсын әріптестер!

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТІК ЕРІКТІЛЕР ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС БІЛДІРДІ

Bastynews

Бау-бақша алқаптары ұлғаюда

Bastynews

Бірден көзіңізге не көрінді

Bastynews