Ақпарат Жаңалықтар

САРЫАҒАШ АУДАНЫ: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

САРЫАҒАШ АУДАНЫ: ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАЛҒАН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қаржылық және құқықтық сауаттылықты арттыру – азаматтардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын нығайтудың маңызды тетігі. Осы мақсатта Сарыағаш ауданының тұрғындарына арналған қаржылық сауаттылықты арттыру және борыштық міндеттемелер бойынша құқықтық қолдау көрсетуге бағытталған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында азаматтарға:
• жеке есеп-шоттарының бұғатталуын шешудің жолдары,
• несиелік міндеттемелерді қайта қарау және төлем қабілеттілікті қалпына келтіру тәсілдері,
• банк өнімдерін қауіпсіз пайдалану,
• қаржылық алаяқтықтың алдын алу,
• жеке қаражатты жоспарлау мен басқарудың тиімді әдістері бойынша кеңес берілді.

Семинарға «Қарызсыз қоғам» жобасының Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі, заңгер Жандос Әзімбай және педагог-психолог Шара Абдирахманова қатысып, өз салалары бойынша практикалық ұсыныстар мен нақты мысалдар негізінде тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Мамандар азаматтарға қаржылық қиын жағдайлардан шығу жолдарын түсіндіріп, шоттары бұғатталған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігін, қандай органдарға жүгіну қажеттігін, сонымен қатар алаяқтыққа тап болған кезде құқықтарын қалай қорғауға болатынын егжей-тегжейлі баяндады.

Кездесу ашық форматта өтті, қатысушылар өздерін мазалаған сауалдарын қойып, тегін әрі нақты кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтар мұндай ақпараттық-түсіндіру шараларының жиі өткізіліп тұруының маңыздылығын атап өтті.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанда құрылысты бақылау үшін бірыңғай портал енгізіледі

bastynews

«Шалдар пенсияға кетсін!»: Көшербаев президент Жолдауы кезінде ұйықтап отырған (ВИДЕО)

Bastynews

«Super Ongar» – медиа кеңістігінде позитивті резонанс тудырған үлкен жоба болды!

Bastynews