Қала әкімінің өкімімен Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына Азат Рахымбердіұлы Исламов тағайындалды.
Азат Рахымбердіұлы 1987 жылғы 16 қарашада Шымкент қаласында туылған, қазақ, білімі жоғары.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі – мемлекеттік және жергілікті басқару.Еңбек жолын Алматы облысы, Талғар қаласы әкімі аппаратының бас маманы лауазымынан бастаған.
2011-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша өңіраралық жер инспекциясы Алматы қаласы бойынша жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы, бөлім басшысы.
21.02.2019-26.02.2020 жылдары Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау бөлімінің басшысы, басқарма басшысының орынбасары.
09.11.2020-16.06.2023 жылдары Алматы қаласы тұрғын үй саясаты басқармасы тұрғын үйді есепке алу және тарату бөлімінің басшысы. 16.06.2023-05.02.2024 жылдары Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы тұрғын үйді есепке алу және тарату бөлімінің басшысы.
05.02.2024-13.05.2024 жылдары Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары.
13.05.2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарып келді.Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі