Жаңалықтар Мәдениет

ГҮЛ МЕРЕКЕ, КҮН МЕРЕКЕ – 8 НАУРЫЗ

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні – көктемнің шуағымен, жылулықпен қатар келетін ерекше мейрам. Бұл күн аналарға, аруларға, әпке-қарындастарымызға деген құрмет пен алғысты білдіретін мейрам. Осы орайда, «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған «Гүл мереке, күн мереке – 8 Наурыз» атты мерекелік концерті нәзік жандыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған ерекше кеш болды.Концерт барысында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің талантты жастары сахнада өз өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Жастардың өнерін аналары келіп, тамашалап, әсем ән тыңдап, шалқыма бидің куәсі болды. Бұл мерекелік шара әйелдер қауымына деген шынайы құрметтің белгісі болды. Концертке жиналған аналар дән риза. Осылайша, «Гүл мереке, күн мереке – 8 Наурыз» атты концерт жүректерге жылулық пен қуаныш сыйлады.

Қатысты жаңалықтар

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 2025 жылы $76,3 млн-ға өсті

bastynews

КЕНТАУ ҚАЛАСЫ: БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР ҮШІН ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ АУЛА КЕҢІСТІГІ

bastynews

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ҚУАТТЫЛЫҒЫ 50 МВТ КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ САЛЫНАДЫ

bastynews