Ақпарат Жаңалықтар Қоғам

Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға үміткер оқу орталықтары мен жұмыс берушілер іріктелді

Шымкент қаласында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуға ниетті оқу орталықтары мен жұмыс берушілерді іріктеу комиссиясы өз жұмысын аяқтады.

Комиссия отырысында үміткерлер білім беру мекемелері мен жұмыс орындарының әлеуетін, техникалық базасын және оқытатын мамандықтарын таныстырды.

🔹 Өтініштер саны:
📌 31 жұмыс берушіден – 3 042 орынға өтініш түсті.
📌 16 оқу орталығы – 1 299 орын ұсынды.
📌 4 мекеме өтінішін кері қайтарып,
📌 2 мекеме комиссия отырысына қатыспады.

Ал қалған өтініштер Еңбек мобильділігі орталығының тексерісі нәтижесінде техникалық база, оқытушы құрамы және білім беру лицензиясының болмауы сияқты кемшіліктерге байланысты қабылданбады.

🔍 Комиссия қандай талаптарға басымдық берді?
✅ Салық төлемдерінің уақытылы төленуі
✅ Әлеуметтік пакеттер мен жалақы қарызының болмауы
✅ Штат саны мен қаржы айналымының тұрақтылығы
✅ Кадрларды кәсіптік даярлау талаптарына сәйкестігі
✅ Оқу курстарының ұзақтығы

📊 Комиссия шешімі:
🟢 11 мекемеден 86 орынға оң шешім қабылданды
🔹 8 оқу орталығы – 78 орын
🔹 3 мекеме – жұмыс орнында оқыту үшін 8 орын

Ал қалған үміткерлердің өтініштері салық және жалақы қарызының болуы, штат санының жеткіліксіздігі, оқытуға жатпайтын мамандықтарды ұсынуы себепті қабылданбады.

👥 Комиссия құрамында:
▪️ Талғат Балтабаев – қалалық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы
▪️ Сабыржан Арапбай – Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары
▪️ Ермек Тұрманов – Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары
▪️ Мақсат Өткелбаев – Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
▪️ Серік Әуезханов – «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы

📌 Комиссия жұмысына «AMANAT» партиясы мен Антикор өкілдері бақылау жүргізді.

📅 Келесі комиссия отырысы – 2024 жылдың сәуір айында өтеді.

#Шымкент #КәсіптікОқыту #ЖұмыспенҚамту #AMANAT #Антикор #ҚысқаМерзімдіОқыту

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ 100 ПАЙЫЗ ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Bastynews

Алматыда бір отбасын ойрандаған сантехниктің кім екені белгілі болды

Bastynews

КАРАНТИН: сенбі-жексенбідегі шектеулер қашан алынатыны белгілі болды

Bastynews