Ақпарат

Елімізде төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесі жақсаруда

⚡️ 2024 жылы еліміздің құтқарушылары 83,3 мыңнан астам шығуды орындады, оның 10 мыңы – өртке қарсы, 19 мыңы – апатты-құтқару жұмыстарына байланысты болды.

✔️ Жыл басынан бері 14 мыңнан астам адам құтқарылып, 66,5 мыңнан астам адам эвакуацияланды, ал 8 мың адам алғашқы медициналық-психологиялық көмек алды. Аталған деректер құтқару қызметінің төтенше жағдайларға дайындығының жоғары деңгейін растайды.

✔️ ТЖ алдын алуға ерекше назар аударылады. Заманауи технологиялар, соның ішінде дрондар мен геоақпараттық жүйелер тәуекелдерді уақтылы бақылауға көмектеседі. Ормандарда өртті ерте анықтау жүйесін енгізу табиғи өрттердің санын өткен жылмен салыстырғанда 2,6 есеге азайтуға мүмкіндік берді.

➡️ Сонымен қатар 2024 жылы құтқару қызметтерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту жалғасын тапты. Пилоттық жобада Қостанай облысында құтқарушылар үшін жаңа киім-кешек сәтті сыналды, ал Астанада 3,5 айдың ішінде тез салынатын конструкциялардан өрт депосы салынды. Мұның бәрі төтенше жағдайларға жедел әрі тиімді түрде ден қоюға ықпал етеді.

📱 @KZgovernment

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте нарушители порядка и чистоты привлечены к ответственности

bastynews

Түркістан облысының Жетісай ауданында магистральды каналдар 40 жылдан кейін алғаш рет тазартыла бастады

bastynews

ХАНТАҒЫ АУЫЛЫНДА
ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫ НЫҒАЙТУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

bastynews