Санатталмаған

ЖЕТІСУЛЫҚТАРДЫҢ КӨМЕК КЕРУЕНІ ЖЕТТІ

Бүгін Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Жетісу өңірінен екінші мәрте гуманитарлық көмек келді. Жуырда ғана аса қомақты көлемде гуманитарлық көмек жолдап үлгерген жетісулықтар бұл жолы да жомарттықтарын көрсете білді, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілетем жасаған AzatMedia.

Бұл игі іс «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен қолға алынған. Бастамаға партияның белсенді мүшелері – халық қалаулылары, меценаттар атсалысып, 80 тоннадай жүк жіберіп отыр. Оның ішінде құрылысқа қажетті қызыл кірпіш, газоблок пен құрғақ қоспалар бар. Жомарттық жасаушылар қатарында депутаттар – Ж.Үшкемпіров, Д.Молдахалықова және Т.Ботабеков атсалысқан.

Керуенді Мақтааралға шығарып салған «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев жетісулықтар Мақтааралмен бірге екенін, гуманитарлық көмек екінші мәрте жөнелтіліп отырғанын хабарлады. Бұған дейін мамыр айының ортасында Алматы облысынан Мырзашөлге 260 тоннадан астам гуманитарлық көмек келген болатын.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

bastynews

🔰 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАРҒА ДРОППЕРЛІКТІҢ ҚАУІПТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

bastynews

⚡️Мемлекет басшысы:

bastynews

🏥 МАЙТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ!

bastynews

Шымкентте «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

bastynews

ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

bastynews

🏆 «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

bastynews

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

bastynews

Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

bastynews

Пікір қалдыру