Санатталмаған

13 КАНАЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

AzatMedia. Өздеріңізге белгілі Келес ауданы аграрлы аудан болып танылады. Аудан аумағында тұратын халықтың дені ауылшаруашылығы, яғни диқаншылықпен ұдайы айналасып келеді. Адамның өмір сүруіне тіршілік нәрі су қаншалықты маңызды болса, егінде өсіп жетілуге суды талап етеді.

Өңір аумағындағы каналдар мен қашыртқылардың дені Келес өзенінен тарайды. Сонымен қатар, көрші Өзбекстан Республикасымен қатар, Сарыағаш ауданынан келетін су жүйелері бар. Өткен жылы жалпы ұзындығы 120 шақырымды құрайтын 28 канал мен 10 қашыртқы су жүйелері ағымдағы жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сол ілкімді істер биылғы жылыда жалғасын тауып, өңір диқандарының сұранысы қанағаттандырылуда. Жалпы ұзындығы 68,6 шақырымды құрайтын 13 каналға механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін жоспарға сәйкес, ұзындығы 117,6 шақырымды құрайтын 24 канал және қашыртқыларды тазалау жұмыстары жүргізіліп, аудан аумағындағы егінді жерлерге баратын суды өз деңгейінде жеткізу көзделген.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

bastynews

🔰 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАРҒА ДРОППЕРЛІКТІҢ ҚАУІПТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

bastynews

⚡️Мемлекет басшысы:

bastynews

🏥 МАЙТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ!

bastynews

Шымкентте «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

bastynews

ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

bastynews

🏆 «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

bastynews

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

bastynews

Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

bastynews

Пікір қалдыру