Санатталмаған

ТАТУЛЫҚ ПЕН БІРЛІК МЕКЕНІ!

AzatMedia. Бүгінде еліміз көп ұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай халықтар мен ұлттардың өз отанына айналып отыр. Түлкібас ауданында 29-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Осыған орай аудан әкімі Нұрлан Байғұт достық пен татулықтың мекеніндегі аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, аудандық өзбек, түрік және славян этномәдени орталықтарының төрағаларымен төрайымын қабылдады.
Кездесу барысында ұлтаралық татулықты сақтаумен, өзге ұлт өкілдерімен бірге ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып, насихаттап жүрген кеңеспен этномәдени орталықтарының жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда, Түлкібас ауданында 112 599 адам бар. Соның ішінде: қазақтар – 92632 (82.3%), әзербайжандар – 6696 (5.9%) өзбектер – 5772 (5.0%), орыстар – 5532 (4.9%), басқа ұлттар – 1997 (1,9 %) құрап отыр.

Басқосуда аудан тұрғындары арасында карантин режимі қатаң сақталу қажеттігі және қоғамда талқыланып жатқан әр бір мәселе қараусыз қалмай, заң аясында әділ шешім қабылданып, ескерілуі тиіс екені айтылды.

Жиын соңында, аудан басшысы Нұрлан Мархабатұлы: «Ұлтаралық келiсiм, ынтымақ пен бiрлiктi сақтау. Мемлекет басшысының саясатын, мемлекеттiк қолдау шараларын əрбiр ұлт ɵкiлi нақты түйсiнiп, сезiнуi қажет. Қазақстан Халқы Ассамблеясын құрушы Елбасы Н.Ә Назарбаев «Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ»-дегендей, бірлігі бекем ел болып ауданымыздың одан әрі дамуына ат салысуға шақырамын»-деп, қатысқан азаматтарға алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Тиісінше, этномәдени орталығының төрағалары мен төрайымы аудан басшысын қызметімен құттықтап, әр бастамасына қолдау білдіруге дайын екендіктерін жеткізді.

#AzatMedia

Қатысты жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

bastynews

🔰 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАСТАРҒА ДРОППЕРЛІКТІҢ ҚАУІПТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

bastynews

⚡️Мемлекет басшысы:

bastynews

🏥 МАЙТӨБЕ АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ!

bastynews

Шымкентте «Терең тарихтан – жарқын болашаққа!» республикалық пікірсайыс турнирі өтті

bastynews

ТҮРКІСТАНДА 26 ЕЛДЕН 3 МЫҢНАН АСТАМ ЖҮЙРІК ҚАТЫСҚАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАФОН ӨТТІ

bastynews

ТҮРКІСТАН ХАЛҚЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІН ТОЛАҒАЙ ТАБЫСТАРМЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

bastynews

🏆 «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҚТАРЫ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ!

bastynews

РЕСПУБЛИКА КҮНІНДЕ ТҮРКІСТАНДА 14 ТҰРҒЫН ҮЙ, 600-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

bastynews

Түркістан облысында мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық қарқынды жүріп жатыр

bastynews

Пікір қалдыру