Санатталмаған

Ақынның қаламы – адалдық алаңы

Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Отырар ауданының жастары арасында «Ақынның қаламы – адалдық алаңы» атты облыстық жас ақындар айтысы өтті.

Талай тау тұлғалар мен сөз зергерлерін тудырған Отырар топырағындағы жас өскіндер айтысында 10 өрен бақ сынады.

Қазақтың қара сөзі ұйқаспен өрілетін өнегелі шараға ҚР жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ғанижан Асанұлы, аудан әкімінің орынбасары Рыскелді Әліш арнайы қатысты.

Сөзден маржан терген суырып салма жас ақындарға айтыс өнерінің ақтангері Әселхан Қалыбекова бастаған әділ қазылар алқасы төрелік етті.

Ауданымыздың шежірелі тарихы мен тұлғалы перзенттерін жырға қосқан жас шайырлардың өнері көрермендердің көңілінен шығып, көпшілікке терең ой салды.

Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге Шымкенттік Нұртілеу Төленбек ие болса, бірінші орын жергілікті жас ақын Сұлтан Сәуірханға бұйырды. Екінші орынға Болат Тәңірберді мен Болысбек Даниал қол жеткізсе, үздік үштіктен Есмырза Ахмет пен Расул Баянбай көрінді.

Шара соңында ұлылар отаны атанған Отырарды жырға қосып, көне тарих беттерінен жас та болса күмбірлете сыр шерткен барлық қатысушы ақындарға ынталандыру сыйлығы табысталды.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру