Ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛГЕН

Шымкент қаласында су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарға алынып отыр. Қала аумағында судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау себепті екі жазатайым оқиға тіркелген. Республика бойынша су айдындарында биыл 155 адам суға батып, оның ішінде 47-сі бала екендігі анықталды. Қала әкімдігінің 2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы қаулысы аясында Ғ.Сыздықбековтың бекіткен іс-шаралар жоспары құзырлы мекемелерге жіберілді. Жоспар судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қамтиды. Қазіргі уақытта қала аумағында 5 ресми су айдыны белгіленген, оның үшеуіне шомылуға рұқсат етілген: «Холодильник» және «Рахат Бадам» демалыс орындары мен Қошқар ата өзенінің бастауы. Сонымен қатар, Дендрологиялық саябақ пен Жайлау көлдері спорт және туризм үшін арналған.Қаланың су айдындарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін қабылданған шаралар мен профилактикалық жұмыстардың нәтижелері қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

Бүгін Отырар ауданында аудандық және қалалық ардагерлер ұйымдарының қызметін талдау, алдағы даму жоспарларын нақтылау және «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» тақырыбында кездесу өтті.

bastynews

Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда

bastynews

40 млрд-қа жуық жалақы алатын адам белгілі болды

Bastynews