Ақпарат

ШЫМКЕНТТЕ ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ 30 ҮМІТКЕР ТАҢДАЛДЫ

Шымкент қаласында өңірлік кадр резервіне іріктеу 7 салалық бағыт бойынша жүргізілді: индустрия және өнеркәсіп, экономика және қаржы, әлеуметтік сала, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым, агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, цифрландыру, экология. Цифрландыру бағыты бойынша үміткерлер анықталмағандықтан, қалған 6 бағыт бойынша 30 үміткер іріктелді.

• Индустрия және өнеркәсіп: 6 адам (20%)

• Экономика және қаржы: 6 адам (20%)• Әлеуметтік сала: 13 адам (43,3%)• Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым: 3 адам (10%)• Агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары: 1 адам (3,3%)• Экология: 1 адам (3,3%).Іріктелгендердің құрамында: ерлер: 25 (83,3%), әйелдер: 5 (16,7%), жасы ең үлкені: 35, жасы ең кіші: 25.

Мемлекеттік қызметшілер: 19 (63,3%), оқытушылар: 4 (13,3%), жеке сектордан: 3 (10%), қоғамдық бірлестіктерден: 2 (6,7%), дәрігер: 1 (3,3%), азаматтық қызметші: 1 (3,3%).Бұл іріктеу өңірлік басқарудың жаңа буынының қалыптасуына жол ашып, мемлекеттік қызметте талантты жастардың өз мүмкіндіктерін көрсетуіне мүмкіндік береді.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

bastynews

ШАРДАРАДА АРДАГЕРЛЕР ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

bastynews

READING CULTURE AS A SOFT SKILL: ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ КЕҢІСТІГІН КЕҢЕЙТУДЕГІ ЖАҢА ӘДІС

bastynews