Ақпарат Қоғам

ШАРДАРАДА АРДАГЕРЛЕР ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫН АТАП ӨТТІ

«Біздің болашағымыз – білімді, саналы, отаншыл ұрпақтың қолында. Жастардың тәрбиесі – стратегиялық маңызы бар міндет», – деген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі Шардарада өткен ардагерлер басқосуында басты тақырыпқа айналды.

Аудандық және қалалық ардагерлер ұйымдарының қызметін талдау, алдағы жоспарларды нақтылау және «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» атты жиынға Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Бақытжан Раманқұлов, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков, сондай-ақ «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасы» ұйымдарының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында жас ұрпаққа тәрбие беру – ел болашағы үшін ең өзекті мәселенің бірі екені айтылды. Қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салып, жастарды ұлттық құндылықтарға баулуда жаңа тәсілдер қажет екенін баса айтты.

– Бүгінгі жастардың саналы болып өсуі – елдің ертеңгі іргетасы. Ұрпақ тәрбиесі – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл бағытта бірлесе атқарған еңбек қана нәтижелі болмақ, – деді Ардагерлер кеңесінің мүшесі.

Жиын соңында жастар тәрбиесіне арналған тақырыптық қойылымдар өткізу, заманауи тәрбие формаларын енгізу және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеу жөнінде нақты ұсыныстар жасалды.

Қатысты жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ: ШЫМКЕНТТЕ 150 ОРЫНДЫҚ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

bastynews

Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтаманы беру мемлекеттік қызметі

bastynews

ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРҒА ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

bastynews