Ақпарат

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНА ҚАРАСТЫ ҚАРНАҚ АУЫЛЫНДА АЛАЯҚТЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен кездесуде Қарнақ ауылының тұрғындарына алаяқтық – алдау, сенімге қиянат жасау жолымен бөтен мүлікті ұрлау секілді құқық бұзушылықтардан аулақ болу жайлы насихат жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге ардагерлер ұйымының мүшесі Б.Таиров және ауыл тұрғындары қатысты. Кентау қалалық әлеуметтік қызмет көрсету орталығының заңгері Г.Таубаева өз сөзінде құқық бұзушылық – қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет екендігіне толық тоқталып өтті. Құқық бұзушылықтар үшін заңмен тиісінше әкімшілік, азаматтық құқықтық, тәртіптік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы түсіндірілді.

Алаяқтық — өзгенің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену секілді жәйттар кездессе бізге хабарлаңыздар деді Кентау қалалық полиция бөлімі ЖПҚБ-нің УПИ полиция майоры М. Байдилдаев.

Жиын соңында тұрғындардың сауалдарына жауап берілді.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗЫҒҰРТТА ҚАРЖЫЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ ӨТТІ

bastynews

Үш ауысымдағы мектептер мәселесі 2024 жылға дейін толық шешіледі

Bastynews

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ӨЗ МЕРЕКЕЛЕРІНДЕ 4 ОТБАСЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Bastynews