Ақпарат Қоғам Мәдениет

«Ардагерлер орталығының» мәжіліс залында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі өтті

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Сапарбеков Әбдішүкір Әбдімәлікұлының төрағалығымен -«Арыс қалалық ардагерлер ұйымының жұмысына мониторинг жүргізу, оның даму жоспары және «Ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыс» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Атаулы жиынға бала тәрбиесіне мүдделі органдар өкілдері, атап айтқанда Арыс қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, қалалық Ішкі саясат бөлімінің мамандары, білім бөліміне қарасты білім беру мекеме директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Ардагерлер бастауыш ұйымдарының төрағалары, мектептер жанындағы «Әкелер мектебінің» төрағалары мен «Әжелер алқасының» төрайымдары, үкіметтік емес ұйымдаржың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасаған Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Ә.Сапарбеков- Республикалық ардагерлер ұйымы еліміздегі ықпалды әрі беделді, өз бағыт-байламы бар, үлгі-өнегелері өрелі ұйым болып саналатынын айтып, қазіргі таңға онда 2 млн-нан астам ардагерлер есепте тұрады. Осы ұйымның құрамдас бөлігі ретінде, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің негізін 17 аудандық, қалалық ардагерлер кеңестеріне біріктірілген 619 Ардагерлер бастауыш ұйымдары құрайды. Онда 152588 ардагер есепте тұрады, бұл облыстағы зейнеткерлердің 81 пайызын құрайды…

Есепті кезеңде облыстық ардагерлер кеңесінде 2 Пленум, 5 Төралқа отырысы, 1 көшпелі семинар, 2 кездесу өткізілгендігін айтып, ұйымның негізгі мақсаты ардагерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, медициналық және тағы басқа қызметтерін жақсартуға көмектесу болып табылатындығын айтты…

Баяндамасында Арыс қалалық ардагерлер ұйымының 2023-2024 ж.ж. атқарған жұмыстарын жан-жақты талдап, нәтижелі жұмыстар жүргізіп жатқандығын тілге тиек етті. Сонымен қатар, ардагерлер ұйымының жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың, білім бөлімдерінің жан-жақты қолдауына зәру болып жатқанын айтып, олардың Ардагерлер бастауыш ұйымдарымен, «Әкелер мектебімен», «Әжелер алқасымен» қоян-қолтық етене жұмыс жүргізіп, жүйелі қарым-қатынасты қалыптастырудыі маңызды екенін айтты. Өкінішке орай, ата-аналардың, әсіресе әкелердің ұрпағын тәрбиелеудегі жауапкершілігін жете түсінбеушілігі көптеп белең алып отырғандығы алаңдатынын айтты. Баяндамада қазіргі уақытта аумақтардағы Ардагерлер бастауыш ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстарында ардагерлер тарапынан көтеріліп жатқан өзекті мәселелерді Төралқа отырыстарында қарап, атқарушы органдардың қарауына ұсынып отырудың аса маңызды екенін және қоғамда адамдар арасында орын алып отырған дау-дамайларды «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық аппаратының «Дәнекер» жобасы аясында татуластыру арқылы сотты болудан сақтандыру бағытында да нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты. Баяндама бойынша жарыссөзде сөйлеген Арыс қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Қалиев Иманқұл – «Екі дүниенің сардары, адамзаттың асылы ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) -«Әкенің баласына қалдыратын ең үлкен мұрасы -оған берген тәрбиесі» деген. Тәрбие – бәріне керек. Көп адамдар тәрбиені балаларынан бастайды. Бұл дұрыс емес, кез келген адам тәрбиені өзінен бастау керек. Біреуді тәрбиелемекші болсаң, алдымен өзіңді тәрбиелегеніңө абзал. Қазақта «Өзің диуана болсаң, кімге пір боласың». Өкінішке орай, бізде кейбір әкелер қарапайым адами қарым-қатынасты, көшеде жүру мәдениетін, ежелден қалыптасқан әдет-ғұрпымызды, салт-дәстүрімізді сақтамай үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет танытуды ұмытып, балағат сөздер айтып, көпшілік орындарында темекісін тартып, насыбайын атып, онысын, басқа да пайдаланған заттарының ыдыстарын, қорапшаларын жүрген жерін ластап – ұрпақтары үлгі тұтар қоғамға жат мінез құлықты қалыптастыруда. (Құқық қорғау органдарының өкілдерінің құлағына алтын сырға). Олай болмайды, өзің дұрыс жолмен жүрмесең, қалай біреуді тәрбиелейсің. Алдымен өзіңнің жаныңды, тәніңді, нәпсіңді тәрбиеле. Ұрпақ әдепті болу үшін тәрбие керек. Дана халқымызда «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер», » Үлкен иманды брлмай, кіші ибалы болмайды». Осы мақалдардың өзі пайымды адамға көп нәрсені айтып тұр. Сондықтан біз, үлкендер балалардың көзінше жаман іс-әректтер жасаудан, жаман сөздер айтудан бас тартуымыз керек. Болашағымыз жарқын болсын десек, балалардың санасына тек жақсы нәрселерді сіңіріп, дұрыс тәрбие беруге тырысуымыз керек. Бала -ата-анаға Алладан берілген аманат. Балаға дұрыс есім беріп, тура жолда тәрбиелеу ата-ананың парызы. Әбу Насыр әл-Фараби: «Балаға бірінші тәрбие, одан кейін білім керек»- деген. Өйткені білімі бар, бірақ тәрбиесіз адамның халыққа зияны көбірек тиеді. Халықта » Жұмыла көтерген жүк жеңіл дейді». Өкінішке орай, қоғамымызда осы қағиданы жете түсінбеушілік танытып отырғандар көптеп орын алып отыр. Жергілікті атқарушы органдар, білім бөлімі, еңбек ұжымдары бала тәрбиесін жұмыла қолға алу қағидасын назардан тыс қалдыруы алаңдатады. Мысалы, теміржол еңбек ұжымдарымен кездесу өткізіп, әкенің отбасылық құндылықтарды сақтаудағы, бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттырудың маңыздылығын айтып, еңбек ұжымдарында «Әкелер мектебін» құрып, мәселені үнемі назарда ұстаудың қажеттілігі туралы ұсыныстарымызға аса үлкен көңіл бөлмеді. Бұл еңбек ұжымдарының басшылығына сын. Табиғат заңы еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін үлгі боларлық риясыз еңбектерінің еленіп, бағаланғанын қалайды. Өкінішке орай, тиісті органдардың, әкімшіліктің осы жұмыста әлілетсіздікке бой ұрып, көрер көзге қоғамдық жұмыста бір рет те бой көрсетпеген адамдардың аты аталып, марапатталып жатқаны ардагерлеріміздің жанын жаралайды, оны ашынып айтып та қалып жатыр. Сонымен қатар, аумақтағы ауызбіршілік пен ынтымақты нығайтуға, ұрпақтар сабақтвстығын қалыптастыруда аянбай риясыз жұмыс жүргізіп жатқан ардагерлер ұйымы жергілікті атқарушы органдар тарапынан қаржылық, материалдық, моралдық көрмей жатқаны өкінерлік жай. Тіптен ауыл округ әуімлдері элпочталарына Ардагерлер бастауыш ұйымдарына беру үшін жолданған қызметтік құжаттарды беруге ар санауға айналған. Қолдау көрсетуден бұрын ардагерлерді қолбалаға айналдыруы өскелең ұрпақ алдында теріс пікір қалдыратыны айқын. Сондықтан «үлкенге құрмет, кішіге ізет» ету ата-бабамыздан қалған асыл қазынамыз екенін назардан қалдырмауымыз өскелең ұрпақ үшін үлгі тұтар өнгелі әдеп екенін ел тізгінін қолға ұстаған азаматтар мен азаматшаларымыз бір сәтте естерінен шығармағаны дұрыс болар еді- деді.

Жарыс сөзде сөйлеген ардагер әже Райхан Мамбетәлиева -Ата -әулеттің тірегі, Әже -ұрпақтың жүрегі. Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрып пен салт дәстүр атадан балаға, әкеден немереге беріліп, бүнігі күнге де жеткен асыл қазына. Атадан балаға, кейінгі ұрпаққа өркенді өнеге мен жақсы сөз жетеді. Жақсы сөз жарым ырыс делінетіні де сондықтан, қарттарымызды қадірлеп, салт-дәстүрімізді сақтап, асыл қазыналарымызды қүрмет тұтып, бағалай білейік – деді.

Қатысты жаңалықтар

Мал шаруашылығына қойылған меже орындалды

Bastynews

Масылдық – жұмыссыздықтың дерті

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ 30 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

bastynews