Ақпарат

АРЫС ҚАЛАСЫ: ТҰРҒЫНДАР АРАСЫНДА ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деген болатын.

Елімізде азаматтық қоғам құруда біршама элементтердің топтасуы қажет екені, құқықтық білім беру азаматтық қоғам құрудың негізі екені белгілі. Конституциямыздың 1-бабымен Қазақстан «құқықтық мемлекет» деп танылған. Құқықтық мемлекеттің әрбір азаматы құқықтық саналы, құқықтық мәдениетті болуы қажет. Елімізде күнделікті орын алып жатқан оқиғаларға қарап, құқықтық сауаттылық әлі де төмен екенін көріп отырмыз. Осы мақсатта тұрғындар арасындағы қаржылық және құқықтық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында арнайы кездесулер мен семинар-тренингтер жүргізіліп келеді.

Кезекті ақпараттандыру және сауаттылыққа бағытталған кездесу – Арыс қаласының тұрғындары арасында жүргізілді. Кеңес беру жұмыстары – жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдері, Прократура қызметкерлері, бизнес-тренер Жандос Әзімбай мен психолог Назипа Алтаева қатысты.

  • Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру – қоғамның дамуының алғышарттарының бірі. Дамыған мемлекеттерде құқықтық саясаттың өркендегені соншалық – әр адам өз құқын қорғауға бейім тұрады. Демек құқықтық саясат іске аса бастағанда қоғамның дамуына кедергі келтіретін жемқорлық т.б. жағымсыз әрекеттер сап тыйылмақ. Себебі бәрі заң шеңберінде қаралады. Құқық қорғау саясаты құқық қорғау жүйесін құруға, адам құқықтарының тиімді жүйесін құруға негізделген. Қаржылық және құқықтық мәнді дұрыс қабылдай алмаудың соңы үлкен қылыс пен өкінішке алып келеді, – деді бірнеше факттарды алға тартқан Прократура қызметкері.

Әрбір мемлекет өз азаматтарын құқықтық сауаттылыққа баулу керек, себебі бұл азаматтық қоғамның негізі. Әрбір адам өз мүдделерін қорғап, басқа адамның құқығын бұзбау керек. Бұл құқықтың алтын заңы болмақ.

Жергілікті жауапты мамандардың кеңесіне жүгінген тұрғындар, өз кезегінде осындай ашық алаңдар мен кеңес беру жұмыстары көптеп ұйымдастырылып тұрса деген ой-пікірлерін жеткізді.

Қатысты жаңалықтар

Мұғалімдерді «ханым» және «мырза» деп атау ұсынылды

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ «АЛҒЫС АЙТУ» КҮНІ МЕН ҚХА-НЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕ ӨТТІ

bastynews

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: «КЕЗДЕСУДЕ АЙТЫЛҒАН СӨЗДЕР ЖЕРДЕ ҚАЛМАЙДЫ»

Bastynews