Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҰРҒЫНДАР ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӨНІНДЕ МАМАНДАРДАН КЕҢЕС АЛДЫ

Мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты, құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі қоғамның басты талабы екені сөзсіз. Ішкі және сыртқы күрделі мәселелерді шешуде жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісін қайта қарау керектігі анық сезіледі. Ал ол үшін құқықтық білім беру, құқықтық сана қалыптастыру, жауапкершілікті арттыру міндеттері алға шығады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деген болатын.

Осы орайда, Түркістан қаласының тұрғындары қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы ретінде өзінің заңды құқықтарын білу және мүдделерін қорғай алуға бағытталған семинар-тренингке қатысты. Тұрғындар Прокуратура, Полиция қызметкерлері, бизнес-тренер Жандос Әзімбай мен психолог Назипа Алтаевадан кеңес алды.

Сала мамандары, «Қаржылық сауаттылықты арттыру және борышкерлерге құқықтық қолдау көрсету» жоба аясында кеңес беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

  • Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — халықты ресми ақпарат көздерімен қамту және құқықтық сауаттылығын қалыптастыру болып отыр. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы орайда, өздеріңізбен арнайы жүздесіп, көкейтесті мәселелеріңізді шешуге қолдан келгенше көмек бергіміз келеді және біздің мекеме сіздер үшін әрдайым ашық, – деді жергілікті прократура өкілі.

Сонымен қатар, тұрғындар орталық мәселелерін жеткізіп, қаржылық алаяқтық белгілерін танып-білуге көмек беретін және сауаттылыққа бағыттайтын ашық жиындардың тұрақты түрде өткізіліп тұруын сұрады.

Қатысты жаңалықтар

Қызылорда полиция басқармасының бастығын ұсталды – БАҚ

Bastynews

Негізгі құндылықтар мен қағидаттар

Bastynews

В ШЫМКЕНТЕ ДЕЗИНФЕКЦИЯ ОТ КЛЕЩЕЙ ПРОДЛИТСЯ ДО 20 ИЮНЯ

Bastynews