Соңғы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «САУРАНДА» 88 МӘСЕЛЕНІҢ 82-СІ ШЕШІМІН ТАПТЫ

 Алдын ала бекітілген кестеге сәйкес,  Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков «Сауран» секторының тұрғындарымен кезекті кездесуін өткізді. «Сауран» тұрғын алабындағы жыл басынан бері өткен екі кездесу барысында тұрғындар тарапынан 88 мәселе көтерілген болатын. Олардың 82-сі бүгінде толық шешімін тапты, 3 мәселе бойынша жұмыстар басталды, ал 3 мәселенің заңдылығы түсіндірілді. Биыл І-мөлтек ауданда абаттандыру қарқынды жүрді. Оның ішінде спорт алаңшаларын салу, аумақты асфальттау мен аяқжолдар төсеу, жарықшамдар орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 90 пайызы аяқталды.Ендігі кезекте, ІІ-мөлтек ауданды да абаттандыру қолға алынды.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БІРҚАТАР ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДА БОЛДЫ

Bastynews

МЕКТЕП ЛОГОПЕДТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

Bastynews

Indian Exports May Not Gain Much From Rise in Global Trade

Bastynews