Басты жаңалықтар Соңғы жаңалықтар

Облыс әкімі журналистерге неге үйде тамақтанбайтынын айтты

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов үйінде тамақ ішпейтінін айтты. Журналистер өңір басшысынан отбасының ай сайын азық-түлік сатып алуға қанша теңге жұмсайтынын сұрады, – деп жазады Sputnik Қазақстан.

Досмұхамбетов өзі Атырауда, ал балалары мен немерелері елордада тұратынын айтты.

«Әйелім кейде менімен, кейде олармен тұрады. Мен үйде тамақтанбаймын», – деп келтірді әкімнің сөзін «Ақ Жайық» өңірлік басылымы.

Досмұхамбетов облыс пен қаланың барлық мәселесінен хабардар екеніне сендірді. Өңір басшысы картоп пен сәбіз бағасы маусымаралық кезеңге байланысты өсіп жатыр деп санайды.

«Қазір картоп Қазақстанның оңтүстік облыстары мен Ресейдің көршілес өңірлерінен жеткізіледі. Өнім бағасы төмендеуде, дүкендерде бір келісіне 310 теңге сұрайды», – деп нақтылады облыс әкімі.

Айта кетерлігі, Атырау облысы картоппен тек 44%-ке қамтамасыз етілген. Осы ретте Досмұхамбетов бағаны қатаң реттеу мүмкін емес екенін мәлімдеді.

«Онда сауда күйрейді», – деп түсіндірді ол.

Сонымен қатар, сәбіз бағасы маусым айының соңында, жаңа өнім піскенде арзандайды деп күтілуде.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫ: АТА ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ 10 АЙДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

bastynews

ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУДЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАСТАДЫ

Bastynews