Ақпарат Басты жаңалықтар Жаңалықтар Соңғы жаңалықтар Технология

Қазақстанда алғаш рет сурдоаудармасы бар білім беру порталы іске қосылды.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы shymkent-online.kz білім беру порталын іске қосты . Аталған портал Шымкент қаласында қосымша онлайн-білім беруді дамытудың негізгі құралына айналады.

Қазіргі уақытта shymkent-online.kz сайтында «Digital Study Shymkent 2021» жобасы аясында қазақ, орыс тілдерінде «Цифрлық сауаттылық» бірінші курсы қолжетімді, сондай-ақ сурдоаудармасы бар. Бұл курстың мақсаты-аймақ тұрғындарының цифрлық сауаттылығын арттыру.

Оқу курстары өз құзыретін бір немесе төрт дағды бойынша арттырғысы келетіндердің барлығына тегін беріледі:

«Базалық цифрлық дағдылар». Олар дербес компьютер мен ноутбукты, мобильді құрылғыларды, Интернетті сенімді пайдалануды, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мен қорғалуы тақырыптарын қамтиды.

«Электрондық үкімет және электрондық мемлекеттік қызметтер». Тақырып үйден шықпай-ақ қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерді онлайн алуды қамтитын электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу дағдыларын қамтиды.

«Ашық үкімет». Бұл тақырыпты оқыту Ашық үкімет порталының төрт компонентін пайдалану дағдыларын қамтиды: ашық деректер, Ашық нормативтік-құқықтық актілер, Ашық диалог және бюджеттер.

«Электрондық сауда». Оқыту блогына онлайн сатып алу, сату және тауарлар мен қызметтер дағдылары кіреді.

Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушылар жеке нөмірі және түпнұсқалығын растайтын QR-коды бар оқуды аяқтағаны туралы сертификат алады.

Қатысты жаңалықтар

Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

bastynews

ҚАЛА ӘКІМІ КҮНДІЗГІ СТАЦИОНАРЛАРДЫ АРАЛАДЫ

Bastynews

ӨКПЕСІНІҢ 98 ПАЙЫЗЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖҮКТІ ӘЙЕЛ АУРУХАНАДАН ШЫҚТЫ

Bastynews