Соңғы жаңалықтар

«9 мамырдан бастап ірі қалалар жабылады» – әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты тың дерек шықты

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 9 мамырдан бастап елімізде қатаң карантин шаралары қайта енгізілетіні және ірі қалалардың маңына блокпост қойылатыны туралы хабарлама тарап жатыр. Бұған дәлел ретінде теледидардағы жаңалықтардан үзінділер ұсынылуда. Шын мәнінде, бұл хабарлама жалған, ал жаңалық – былтырғы хабар деп жазады Stopfake.kz.

WhatsApp-пен тараған жаңалықтар шығарылымы 2020 жылы жетінші қарашада жарияланған болатын. Оны «Хабар 24» емес, Ресейдің «МИР-24» телеарнасының тілшілері түсірген.

Кадрдан диктордың айын атамай, тек «тоғызынан бастап қаладан кетуге немесе кіруге тыйым салынады» деп айтқанын естуге болады. Осылайша, хабарламада көрсетілген 9 мамыр күнін де ойдан шығарылғанын аңғару қиын емес.

Қатысты жаңалықтар

Владимир Путин 68 жасқа толды

Bastynews

Қаладан ауылға ауысқан дәрігерлерге берілетін көтерме ақы 10 есе көбейеді

Bastynews

Ақтау-Таушық тас жолында ГАЗель жарылып, өртеніп кетті (видео)

Bastynews