Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ҮШ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында жұмыспен қамту жол картасы аясында 3 спорт нысанына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мақсұт Исахов әлеуметтік парқшасында мәлім етті.– Қажымұхан стадионындағы дене шынықтыру және спорт басқармасының жеңіл атлетика спорт кешенінің қасбеті мен шатырын және ішкі үй-жайларына жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңартылуда. Екінші нысан, №3 Шымкент қалалық олимпиадалық резервтегі балалар – жасөспірімдер спорт мектебі. Мекемеде оқушылар арасында олардың денсаулығын нығайтуға және жан – жақты физикалық дамуға бағытталған дене шынықтыру – сауықтыру және тәрбие жұмыстары жүргізіледі. Негізгі бағыттары – баскетбол. Тұрлан елді мекенінде бұл ғимарат 1971 жылы салынған екен. Қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Одан кейінгі үшінші нысан, №3 Шымкент қалалық олимпиадалық резервтегі балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің бассейн бағытындағы ғимараты. Мұнда да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Айдың аяғында жөндеу жұмыстары аяқталған соң, спортшыларымыз қайта жүзумен айналыса алады, – деді қала әкімінің орынбасары. 

Қатысты жаңалықтар

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Bastynews

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫЛЫҒЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ХАЛЫҚПЕН ЖҮЗДЕСТІ

Bastynews

Ринат Зайытов: Тоқал алуға шамам жетпей жүр

Bastynews

Пікір қалдыру