Басты жаңалықтар

Желтоқсанда жаппай вакцина салуды бастайды

Вакцина Туркия

Түркия желтоқсан айында вирусқа қарсы жаппай вакцинациялауды бастайды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы 24 kz сайтына сілтеме жасап.

Қытайдың «SinoVac» компаниясынан «CoronaVac» екпесінің 5 миллион дозасы сатып алынды. Нәтижесі жақсы. Қазіргі уақытта Түркияның 4 ірі қаласында адамдарға сынаманың үшінші кезеңі өтіп жатыр. Жаңа жылда тағы 5 миллион данасы алынады. Аталған екпені алдымен арнайы топтағы азаматтар ала алады. Олар егде жастағы кісілер, созылмалы ауру бар азаматтар мен коронавирус майданында алғы шепте жүрген дәрігерлер. Түркия бірнеше отандық вакцинаны да сынақтан өткізіп жатыр. Жергілікті екпе наурыз-сәуір айларында шығарылады. 

–  Қараша айының аяғында дейін коронавирусқа қарсы вакциналаудың үшінші кезеңіндегі сынақ нәтижелері туралы нақты ақпарат аламыз. Желтоқсан айында шамамен 5 миллион адамға екпе егеміз. Вакцинация қаңтар-ақпан айларында да жалғасатын болады, деді Фахреттин Қожа,  Түркия денсаулық сақтау министрі

Қатысты жаңалықтар

Карантиге қарамай той өткізген Қуандық Рахым жазаға тартылатын болды

Bastynews

«Бораттың» режиссері неге Қазақстанды таңдағанын айтты

Bastynews

«Жедел жәрдемнен ұрлап әкетіп зорлаған»: Павлодарда сұмдық жағдай орын алды

Bastynews

Пікір қалдыру