Соңғы жаңалықтар

Боратты ұстау операциясы. Бүркіттің діттігені не?!

Azatmedia.kz. Ел арасында Бүркіт есімімен танымал қазақстандық әнші Айбек Жансейітов атышулы кейіпкер Борат туралы фильм түсіріп жатыр. Бұл жайында Sputnik басылымы әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасап жазды.

«Өкінішке қарай, кинотеатрлар әлі ашылған жоқ. Сол себепті көрерменге «Супер агенттер» фильмін көрсете алмаймыз. Алайда біздің команда бір орнында тұрмайды. «Супер агенттер – 2″ сериалына кірісеміз», – деп жазды ол.

Бүркіттің айтуынша, бұл фильмде Боратты ұстау операциясы көрсетіледі.

«Бұл өтірік немесе вайн емес, бұл – нақты жоба. Сондықтан бізге сәттілік тілеп қойыңыздар. Біз Боратты ұстағаннан кейін оған нағыз Қазақстанды көрсеткіміз келеді», – деп жазды Жансейітов.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ЖЕТІ АЙДА 1500-ГЕ ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Bastynews

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА

Bastynews

САЛА БАСШЫСЫ БАҒЫТЫ ӨЗГЕРГЕН ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР ЖӨНІНДЕ АЙТТЫ

Bastynews

Пікір қалдыру