Басты жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Исаева Гүлмира Сұлтанбайқызы берген өтінішіне сәйкес ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы тілшісі премьер-министр баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гүлмира Исаева 1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1991 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын, 2010 жылы – Қазақ ұлттық аграрлық университетін тәмамдаған. Мамандығы – инженер-технолог. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған.

1991-2010 жылдары аға оқытушы, аспирант, бас маман, кіші, аға ғылыми қызметкер, бас технолог, зоотехник-селекционер болып қызмет етті. 

2010-2012 жылдары ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 

2012-2017 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды.  

2017 жылдың қазан айынан 2018 жыл аралығында ҚР Премьер-Министрінің кеңесішісі болды. 

2018 жылы қаңтар айында ҚР АШМ вице-министрі қызметіне тағайындалды. 

Қатысты жаңалықтар

Коронавируске қарсы вакцина сынағына қатысқан ерікті қайтыс болды

Bastynews

Денсаулық сақтау министрлігі елімізде карантиннің қашан аяқталатынын айтты

Bastynews

Қазақстандықтар 18 миллиард теңге қарыз

Bastynews

Пікір қалдыру