Басты жаңалықтар

Қазақстан: Жойқын жарылыс болды

ОСкемен 2020

Өскеменде жойқын жарылыстан жұрттың зәресі ұшты. Қаладағы шағынаудан мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтады, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ktk.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қазан күні түстен кейін жойқын жарылыстың дыбысы екі рет естіліп, тұрғындардың зәресі ұшты.

«Сағат 17.20 шамасында шыққан екінші жарылыс дыбысынан Қазақстан көшесінде тұрған көліктердің дабылқаққышы іске қосылып кетті. Ал КШТ шағынауданы мен Күленов атындағы ауыл тұрғындары еден сықырлап, жер қоғазғалғандай әсер еткенін айтып жатыр», – делінген ақпаратта.

Жұртты үрейлендірген Өскемендегі жойқын жарылыстар 25-шағын ауданда жоспарланған жұмыстар болып шықты. Қазіргі кезде инженерлік инфрақұрылымдар мен кварталішілік сумен жабдықтау желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқандықтан, жару жұмыстарын «Kaz Explo Servis» ЖШС ұйымдастырған.

Қатысты жаңалықтар

Үйде коронавирус жұқтыру қаупі ең жоғары орын аталды

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ: БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ — АДАЛДЫҚ ПЕН КӘСІБИЛІК

bastynews

«Сенің ойыңды ешкім сұраған жоқ»: Оқушыға дөрекі сөз жазған ұстаздың басы бәлеге қалды

Bastynews

Пікір қалдыру