Соңғы жаңалықтар

Бюджеттен 11 миллион жымқырған әкім құрықталды

Әкім бюджеттен 11 840 000 теңге жымқырған, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы ҚР Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық әрекетінің жолын кесті.

«Аграрлық несиелік корпорация» АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалы «Құлан» бағдарламасы бойынша шаруашылық қожалығының иесіне 40 жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңгені құрайтын несие бергені анықталды.

Алайда, бөлінген несие шаруа қожалығының иесіне жетпеген.

Ауылдық округтің әкімі жалған құжаттар мен түбіртектерді пайдаланып, көрсетілген қаражатты алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 190-бабы 4-б. (аса ірі көлемде алаяқтық) бойынша жүргізіліп, оның аясында ауылдық округ әкіміне «қамауға алу» шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Қатысты жаңалықтар

Премьер-министрге оқ жаудырды

Bastynews

ТҮЛКІБАС: ШЕТЕЛДІК МАМАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТТІ

Bastynews

ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУ ҮШІН ТАБИҒИ ГАЗ УАҚЫТША СӨНДІРІЛЕДІ

Bastynews

Пікір қалдыру