Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 15 мың адам неліктен айыппұл арқалады?

Ағымдағы жылдың шілдесінен бері құқық қорғау органдары ережелерді бұзғандарға 895 миллион теңге айыппұл салған, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы

Coronavirus2020 telegram арнасының хабарлауынша, статистикалық деректерге сәйкес, 5 шілдеден бастап Алматы, Түркістан және Қостанай облыстарының тұрғындары карантин ережелерін сақтамағаны үшін жауапқа жиі тартылған.

Дәл осы өңірлер ереже бұзу бойынша үштікке енген. Алматыда 3837, Түркістан облысында 2974, Қостанай облысында 1323 әкімшілік хаттама толтырылған. Ел бойынша жалпы толтырылған хаттама саны – 15 817.

Осы уақыт аралығында қазақстандықтарға 894,8 миллион теңгеге айыппұл салынған. Оның 307,4 миллион теңгесін мемлекетке жеке тұлғалар төлеген.  

Қатысты жаңалықтар

«Шешініп сүйісуден қорықпаймын» – атышулы Ұлдана неліктен эфирден қуылғанын айтты

Bastynews

Нұр-Сұлтанда тұмауға қарсы екпе салу басталды

Bastynews

6528 азамат жер кезегіне тіркелген

Bastynews

Пікір қалдыру