Соңғы жаңалықтар

Шымкент: Полицейлер топтық төбелестің алдын алды

Шымкенттік азаматтан екі тапанша тәркіленді, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

4 қазанда Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына Төреқұлов көшесінде орналасқан мейрамхананың алдында төбелес болып жатқаны және бірнеше азаматтың қарулары бар екені туралы хабарлама түскен. Тексеру барысында аталған мейрамханаға қарама-қарсы бетте тұрған “Toyota Camry” маркалы автокөлігінің ішінен 2 тапанша табылған.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 287 – бабының 1- бөлігімен (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ БОЙЫНША ӨҢІРЛЕР АРАСЫНДА КӨШ БАСТАП ТҰР

bastynews

Мемлекеттің көмегі қазығұрттық кәсіпкерлерге қолдау болып жатыр

Bastynews

Қазақстандықтар Жапония мен Оңтүстік Кореядағы тайфуннан қалай аман қалды (фото, видео)

Bastynews

Пікір қалдыру