Соңғы жаңалықтар

«Астана» президенттік клубы таратылды

«Астана» президенттік кәсіпқой спорт клубы таратылды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Vesti.kz. сайтына сілтеме жасап.

. Бұл туралы баспасөз мәслихатында оның бас директоры Асқар Баталов мәлімдеген.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «Астана» президенттік спорт клубын тарату туралы шешім қабылдады. Барлық құқық пен міндет Samruk-Kazyna Trust-ке ауысады. Енді ол спорт клубтарының негізін қалаушы болады. Бұл шешім көп деңгейлі есептілікті, сондай-ақ, әкімшілік және басқарушылық құрамға кететін қосымша шығындарды алып тастау мақсатында қабылданды», – деді Баталов.

Ол кәсіпқой спортты толығымен қаржыландырудан бас тарту туралы әңгіме қозғалмағанын атап өтті.

«Астана» ПКСК құрамына «Астана» ФК, «Барыс» ХК, «Астана» БК және «Астана» велокомандасы кіреді. Баталовтың айтуынша, барлық клуб өз жұмысын жалғастырады.

«Олар тікелей «Самұрық-Қазына» қорынан қаржыландырылады. 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспары 2020 жылдың соңына дейін жасалады. Мен Samruk-Kazyna Trust бас директорының орынбасары ретінде спорттық бағытты қадағалай беремін. Қаржыландыру мөлшері қанша болатынын уақыт көрсетеді», – деді Баталов.

Қатысты жаңалықтар

Қазығұрттағы жан түршігерлік жағдайға қатысты тың дерек шықты

Bastynews

Биыл 300 мың оқушы мемлекет тарапынан көмек алады

Bastynews

«Мені жезөкше етіп көрсетті» – қарағандылық порномодель полицейлерді сотқа бермек (Видео)

Bastynews

Пікір қалдыру