Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің трансформациялануы болашақ педагог кадрларды даярлау ісінде тәжірибеге бағытталған, практикалық құзыреттілікті арттыруға негізделген жаңа тәсілдерді талап етеді. Осы бағытта ұйымдастырылған «Өндірістік (педагогикалық)» іс-тәжірибе — студенттердің кәсіби қалыптасуы мен білім беру практикасына еркін бейімделуін қамтамасыз ететін маңызды академиялық компонент.
Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4-курс білім алушылары үшін педагогикалық практиканың кезекті кезеңі басталды. Іс-тәжірибе үдерісі университет пен «Алан» Халықаралық мектебі арасындағы стратегиялық серіктестік негізінде жүзеге асырылуда. Бұл – жоғары оқу орны мен мектеп арасындағы оқу-тәжірибелік интеграцияны күшейтуге бағытталған тиімді білім беру коллаборациясының үлгісі.
Іс-тәжірибе барысына университеттің тиісті академиялық құрылымының өкілі, кафедра оқытушысы Кыпшакбаева Сара Абдиевна жетекшілік етуде. Практика басталар алдында білім алушылар мектеп директоры Тажиева Жанат Арысбекқызымен кездесіп, білім беру ұйымының ішкі тәртібімен, педагогикалық ұжыммен және оқу процесінің ерекшеліктерімен танысты. Бұдан соң студенттер мектеп сыныптарына бөлініп, тікелей оқу-тәрбие процесіне қатыса бастады.
Аталған педагогикалық іс-тәжірибе — студенттердің теориялық білімдерін нақты оқу ортасында қолдануға мүмкіндік беретін, evidence-based approach және practice-oriented learning модельдеріне негізделген білім беру тәжірибесі. Іс-тәжірибе барысында студенттер келесі бағыттар бойынша дағдыларын дамытуда:
- педагогикалық рефлексия мен lesson study тәсілдерін қолдану;
- оқыту процесінде formative және summative assessment принциптерін тиімді енгізу;
- classroom management және inclusive education стратегияларын меңгеру;
- цифрлық құралдарды (edtech tools) пайдалана отырып, сабақ жүргізу әдістемесін жетілдіру.
Бұл тәжірибе студенттердің soft skills (байланыс, эмоциялық интеллект, командада жұмыс істеу), сондай-ақ pedagogical leadership пен digital pedagogy сияқты маңызды кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, білім алушылар жас ұрпақпен жұмыс істеу барысында білім берудің құндылықтық негіздерін — серіктестік, құрмет, сенім және инклюзивтілік қағидаттарын тәжірибе жүзінде игеруге мүмкіндік алады.
Практика барысында студенттер тек оқыту процесіне қатысып қана қоймай, педагогикалық құжаттамамен жұмыс істеу, оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеу, тәрбиелік іс-шараларды жоспарлау және өткізу тәжірибесін де меңгеруде. Бұл – олардың педагогикалық thinking design қабілетін қалыптастыруға, яғни сабақты жобалау, бағалау мен саралау стратегияларын сауатты жүргізуге ықпал етеді.
Педагогикалық практиканың нәтижесінде студенттер болашақ кәсіби қызметіне қажетті негізгі құзыреттерді қалыптастырып, заманауи мектеп талабына сай multi-functional мұғалім рөлін игеруге бір қадам жақындай түседі. Мұндай тәжірибе – lifelong learning мәдениетін ұстанатын, жаһандық педагогикалық қауымдастыққа кіріге алатын заманауи мұғалімдерді даярлаудың нақты қадамы.
