Санатталмаған

Ақментай Есбаев келестіктерді мерекемен құттықтады

Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен әлеуметтік желі арқылы құттықтады.
Құрметті келестіктер!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Халық бірлігі – қасиетті сөз. Халық бірлігі болған жерде несібеміз бен құт-берекеміз ортақ. Сондықтан 1 мамыр мерекесінің басты құндылығы осы.
Қадірменді ағайын!
Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған осы ынтымағымыз бен бір-бірімізге деген бауырмалдығымыз. Жаугершілік заманда басы ауған жаққа көшіп жүріп те берекесі мен қазанын ортайтпаған қасиетті қанағатшыл ағаш бесік пен жер бесік арасындағы біреуге ұзақ, біреуге шолақ өмір жолдарында өзін өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұлтымыз терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен құшағын кеңейтіп келеді.
Біз осындай дархан пейіліміздің арқасында, бүкіл әлемге ынтымағы жарасқан, халқының пейілі кең ел ретінде танылдық. Бізді шет мемлекеттер осылай елестеді.
Ардақты әлеумет!
Өздеріңіз білетіндей, қазіргі шақта төрткүл дүниені шарпыған қатерлі індет Елімізді де айналып өтпеді. Мемлкет басшымыздың дер кезінде қабылдаған шешімі індеттің асқынып кетуінің алдын алуда орасан рөл атқарды. Ендігі кезекте санитарлық тазалық пен тәртіпті сақтай отырып, өзімізді оқшауласақ бұл күндер де артта қаларына сенемін!
Қадірменді жерлестер!
Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сендіргім келеді.
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Осы орайда баршаңызды тағы да бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, жалпы келестіктерге зор денсаулық, отбасыларына құт-береке, бақыт тілеймін.
Бірлігіміз бекем болсын ардақты ағайын!
Құрметпен Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев – делінген фейсбуктегі жазбасында.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру