Қоғам

ТҮРКІСТАН: Қарабаудың жолдары жөндеуден өтуде

асфальт төсеу жұмыстары

Қарабау ауылдық округінде бірқатар жолдар күрделі немесе орта жөндеуден жұмыстарынан өтуде, деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты төрт елді мекенінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Солардың бірі Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылдық округіне қарасты Сынтас елді мекені онда жалпы 18 көше бар, оның бүгінгі таңда 10-ы орта жөндеу жұмыстарынан өтсе, ал екі көшесінде күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп жатыр. Сонымен қатар, Қарабау елді мекенінде төрт көше толықтай орта жөндеуден өткен, ал  Жұмысшы елді мекеніндегі үш көшенің біреуі ғана жөндеуден өткен. Үшбұлақ елді мекеніндегі 7-і көшенің біреуі ғана жөндеуден өткізілген.

«Жалпы ауыл оуругі бойынша 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, бірақ ЖСҚ толығымен дайын. Ендігі кезекте аудан бюджетінен қаржы қарастырылған жағдайда жол мәселесі шешіледі», – дейді Төлешов Асан Шәмшіұлы Қарабау ауылдық округінінің әкімі.

Қатысты жаңалықтар

В Шымкенте прошла масштабная экологическая акция в рамках программы «Таза Қазақстан»

bastynews

ШЫМКЕНТТІК ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ЖАРҚЫРАП КӨЗГЕ ТҮСТІ

bastynews

Шардарада 80 отбасы баспаналы болады

Bastynews

Пікір қалдыру