Санатталмаған

КЕЛЕСТІКТЕР ТҮРКІСТАННАН АЛЛЕЯ САЛУДА.

Түркістанды түлету бағытында қазір қала аумағы 32 секторға бөлініп барлығында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Соның 16 секторы Келес ауданы және Түркістан қаласының мемлкеттік сатып алу бөлімінің еншісіне берілген. Аталған 16 секторда Яссы, Баянауыл, Қарашық мөлтек аудандары орналасқан. 16 сектор бойынша жалпы жер көлемі 850 га, ал үйлердің саны – 1317, тұрғындар саны – 4380, көшелер саны 47 құрайды. Қазіргі таңға дейін 16 сектор аумағында 6260 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Егілген көшеттерге төлқұжат дайындалып, егілген көшеттердің картасы жасалынды. Егілген көшеттер «Жасыл Түркістан» КММ есебіне өткізілді. Секторлардағы егілген көшеттерді суғару мәселесі бойынша қазылған ұңғымалардан суғару жүйесі жүргізілгенге дейін техника (водовоз) арқылы суғарылуда. Жарықшамдар, қоқыс жәшіктері, орындықтар, аялдамаларды орнату жұмыстары бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жүргізілуде. Орындықтар, қоқыс жәшіктері, аялдамалар дизайндерінің біркелкі болуы бақылауға алынған. Сектор аумағындағы ғимараттардың (тұрғын үй, кәсіпкерлік нысандар және т.б) қасбеттерін ретке келтіру жөнінде меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Қазіргі таңда 120 тұрғын үй, 3 кәсіпкерлік нысанның қасбеттері ретке келтірілді. Қасиетті Түркістан қаласын көгалдандыруға Келес ауданынан 15 адам, жергілікті тұрғындардан 5 адам тұрақты жұмысқа тартылды. Тазалық жұмыстарына 3 техника жұмылдырылған. Қаладағы Руханият көшесінің бойынан жастардың бос уақытын тиімді әрі көрікті өткізуі үшін аллея соғылуда. Қазіргі таңда аллея аумағына аяқ жолдар төселді, декоративті ағаш көшеттері егіліп, газон шөптері себілді. Егілген көшеттерді суғару жүйесі (система) жүргізіліп, күнделікті суғарылуда. Орындықтар мен қоқыс жәшіктерін орнатуға тапсырыс берілді.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру