Санатталмаған

ІСКЕР АНАЛАР «АУЫЗ АШАР» ЧЕЛЛЕНДЖІ БОЙЫНША ҮНДЕУ ТАСТАДЫ

Дүние жүзінде Коронавирус пандемиясы жариялануына байланысты Партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың пәрменімен елімізде қолға алынған «Bizbirgemiz» республикалық акциясы аясында 27 сәуірден мұқтаж​ отбасыларға көмек көрсетудің екінші кезеңі басталды.

Акцияның екінші кезеңі «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы тарапынан да бастау алды.

Бүгін «BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында​ «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы Саяси Кеңесінің мүшесі, мүмкіндігі шектеулі азаматша, кәсіпкер, жаны жайсаң жомарт Ана Рүстемова Ұлбосын Қаржауқызы өзі төсек тартып жатса да жеке кәсіпкер ана азаматша Гүлбара Ешімбетова ханыммен бірлесіп Ораза айында ауызашар ретінде мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін дайындап, аудандағы кәсіпкерлерге «Ауыз ашар» челленджі бойынша үндеу тастады.
Аталған екі азаматшаның ұлдары Нұртілеу мен Алдияр есімді азаматтар Абай ауылы мен Біртілек және Қошқар ата ауылдық округтері аумағындағы мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және тұрмысы төмен​ 30 отбасына 300 мың теңгеге бірінші кезектегі азық-түлік себетін таратты.

Акцияның бірінші кезеңінде Рүстемова Ұлбосын Қаржауқызы бас болып кәсіпкер азаматшаларды ұйымдастырып аудан тұрғындарына 2000 дана тегін бетперде таратылған болатын.

Ниет қабыл болсын жанашыр Аналар!!!

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру