Соңғы жаңалықтар

Роза Әлқожаның орамалсыз түскен суреті желіні шулатты

Орамалын шешіп, шашын жайған Роза Әлқожа желі қолданушыларына ұнамай қалды, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Өмірде де, сахнада да орамалын тастамай жүрген әнші шашын жайып түскен суретін инстаграм парақшасына салды. Оқырмандарына бұл әрекеті ұнамаған болуы керек. Желі қолданушылары бұған дейін әншінің сұхбаттарының бірінде басынан орамалын тастамайтынын айтып, шешер болса, өнерден кетуге дайын екенін мәлімдегенін жарыса жазуда.

Дегенмен әншінің бұл әрекетін жақтағандар да жоқ емес. Сурет астына «Орамалымды енді шешпеймін дегені қайда? Бұлардың қай сөзіне сенерімді білмеймін», «Шашын жайғаны ұнап тұрған жоқ, Үлкен әйелге жараспайды», «Өзі біледі ғой, не шаруамыз бар», «Елдің бәрі шашын жайып жүр, Роза ғана емес» деген сынды пікірлер жазылуда.

Әншінің інісі Әбдіжаппар Әлқожа әпкесінің бұл әрекетін түсіндіріп, сынға алмауға шақырды.  

Қатысты жаңалықтар

Ауғанстан құрамасының футболшысы ұшақ доңғалағына жабысып, қайтыс болды (видео)

Bastynews

В ШЫМКЕНТЕ С НАЧАЛА ГОДА ПРИВАТИЗИРОВАНО 83 КВАРТИРЫ ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО ЖИЛИЩНОГО ФОНДА

Bastynews

ШЫМКЕНТТЕ «ХӘКІМ АБАЙ ҺӘМ ИХСАН ІЛІМІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Bastynews

Пікір қалдыру