Соңғы жаңалықтар

Сенсация! Нұрлан Қоянбаев әлемдік рекордты жаңартты

Нұрлан Қоянбаев өзі межелеген рекордтық көрсеткіштен асты, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

Осыдан біршама уақыт бұрын Нұрлан Қоянбаев инстаграм желісіне «Инстаграмда бір фото 5 млн комментарий жинап әлемдік рекорд орнатыпты. Достар, әлемдік рекордты жаңартып жібереміз бе? Әрқайсымыз 20 пікірден қалдырсақ, кем дегенде 20 млн комментарий жинаймыз. Осы фото әлемдегі ең танымал фотоға айналсын! Кеттік! Биікте самғасын көк байрағымыз»  деп жазған болатын.

Содан бері оның инстаграм желісіне салған мемлекеттік тудың суретіне 10 миллион 97 мыңнан астам пікір жазылған. Суретке алғаш салынған 24 сағат ішінде 700 мыңнан аса пікір жазылып, Қазақстан және Ресей бойынша рекорд жаңартқан болатын. Енді Нұрлан Қоянбаев жазған әлемдік рекордтан да асып жығылды.

Айта кету керек, 238 миллион оқырманы бар Криштиану Роналдудың суреттеріне орташа есеппен 20-50 мың арасында пікір жазылады.

Қатысты жаңалықтар

ҚАЛА ӘКІМІ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Bastynews

Баян Алагөзова: «Көңілге тиетін ауыр сөз айтады» (видео)

Bastynews

Әлеуметтік желіні шулатқан ордабасылық мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатысты тың дерек шықты

Bastynews

Пікір қалдыру