Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 8 шенеунік парамен ұсталды

Шымкентте 8 шенеунік жемқорлық бойынша жауапқа тартылды. Олардың бәрі пара алып жатқан уақытта ұсталған, – деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мәліметінше, мелмекеттік санитарлық инспектор алты жылға бас бостандығынан айырылған деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік қызметкер төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерден базарда азық-түлік саудасын еш кедергісіз жүргізу үшін пара алып отырған.

Әл-Фараби ауданы бойынша кәсіпкерлік бөлімінің басшысы мен мәдениет басқармасы басшысының орынбасары да жемқорлықпен ұсталған. ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысы Асхат Жұмағалидің айтуынша, осы жылы мекеме қызметкерлері 20 бизнес субъектісінің құқықтарын қалпына келтірген.

Маман пікірінше, шенеуніктер кәсіпкерлер шаруасына жиі араласады. Мемлекеттік қызметкерлер заңсыз ақшалай сыйақы талап етеді немесе істеріне қол ұшын бергені үшін пара сұрайды екен.

Осылайша, жемқорлықпен күрес департаменті сегіз бірдей мемлекеттік қызметкерді пара алу үстінде ұстаған.

Қатысты жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР МЕМЛЕКЕТ АТЫНАН МАРАПАТТАЛДЫ

bastynews

We Will See A Lot of Movement in Florida Real Estate Market

Bastynews

ҚАЛА ӘКІМІ ГҮЛЗАРЛАРДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Bastynews

Пікір қалдыру