Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру бағытында мобильді топ құрылып, рейдтік және профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Осыған орай мобильді топ Шардара ауданындағы саябақтарда, скверлерде, жағалау аймақтарында, демалыс орындарында және халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда рейдтік іс-шаралар өткізді.
Аралау барысында тазалық талаптарын бұзудың 16 фактісі анықталды. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда, демалыс аумақтарында, саябақтарда және базар аумақтарында жасалған құқық бұзушылықтар бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің тиісті баптарына сәйкес 16 тұлғаға қатысты 16 әкімшілік хаттама толтырылды. Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 692 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Өңірде бұл бағыттағы рейдтік және профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасады. Сонымен қатар тұрғындарға қоғамдық орындарда тазалық сақтау, белгіленбеген орындарға қоқыс тастамау, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қоғамдық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
t.me/turkistanoblysy


