Басты жаңалықтар

Алматыда тоғыз жастағы бала жоғалып кетті (фото)

Алматыда Жоғалған бала

Алматыда тоғыз жастағы балаға іздеу салынды. Жеткіншек 2020 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 13:00 шамасында Медеу ауданында орналасқан үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған деп хабарлайды Azatmedia.kz ақпараттық порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы полициясы тоғыз жасар Мырзақұлов Месутты іздестіріп жатыр.

Бала Медеу ауданында орналасқан үйінен 2020 жылдың 1 қыркүйегінде сағат 13:00 шамасында кетіп, әлі күнге дейін оралмаған. Одан әлі хабар жоқ.

Іздеудегі жасөспірімнің белгілері: Бойы 125 см, дене бітімі арық, шашы қара.

Үстіне жасыл-ақ түсті жолақ сызықтары бар футболка, қара шорты киген, аяғында – ақ бауы бар көк түсті кроссовка бар.

Басқа ерекше белгілері жоқ.

Полиция Месут Мырзақұловтың қайда екенін білетін адамдар тез арада 8778-798-00-77; 8701-739-53-94; 8-708-924-82-07 телефондарына немесе 102-ге хабарласуын сұрайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында аулада ойнап жүрген 7 жастағы баланың жоғалып кеткені хабарланған болатын. Кейін оның денесі ауыл маңынан табылды. Тәртіп сақшылары күдікті ретінде ауыл тұрғынын ұстады. Оны соңғы рет баланың жанында көргендер бар.

Қатысты жаңалықтар

КОМПЛЕКСНОЕ РАЗВИТИЕ ШЫМКЕНТА: ОБРАЗОВАНИЕ, ПОДДЕРЖКА МОЛОДЕЖИ И КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА В ФОКУСЕ ГОРОДСКОЙ ПОВЕСТКИ

bastynews

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

bastynews

«Дәрігерлер басынан 4 оқ алды» ­– Талдықорғандағы төбелес

Bastynews

Пікір қалдыру