Санатталмаған

КЕЛЕС: 177 отбасына азық-түлік және 6000-нан аса тегін бетперделер үлестіріліп қайырымдылық көмек көрсетілді.

Еліміздегі Коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізілу кезеңіндегі «BizBirgemiz» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының үйлестіруімен, акцияға үн қатқан «ӘУЕС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  демеушілігімен аудан көлеміндегі аз қамтылған аса мұқтаж 75 отбасына 75 қап ұн және 1000 дана тегін бетперделер таратылды.

Сонымен қатар, базардағы біршама бағасы көтерілген ұн, картоп және пияз өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы және ауданнық кәсіпкерлік бөлімінің үйлестіруімен бірқатар жұмыстар атқарылды.

Бүгінгі күні аз қамтылған отбасыларды қолдау және ұн бағасын тұрақтандыру мақсатында аудан орталығы Абай ауылындағы «ӘУЕС» ЖШС-інің базар маңынан «Әлеуметтік дүкен» ашылып 1 қабының құны 6500 теңгеден әлеуметтік ұн сатылу жолға қойылса, кәсіпкерлерді ұйымдастырып базар маңына жүк көлігінде базардағы 1 килосы 130-140 теңгеден сатылымдағы картопты 80 теңгеден, ал 120-130 теңгелік пиязды 95 теңгеден сату ұйымдастырылды.

Елімізде төтенше жағдай енгізілген күннен бастап, «BizBirgemiz» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен аудандағы аудандағы көпбалалы, тұрмысы төмен аз қамтылған 137 отбасына, ал  «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалы мен Бастауыш партия ұйымдарының аудан және ауыл әкімдіктерімен үйлесімді жұмысының нәтижесінде демеушілердің есебінен осы санаттағы 177 отбасына азық-түлік, ұн және 6000-нан аса тегін бетперделер үлестіріліп қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру