Санатталмаған

ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОРЫ КЕЛЕС АУДАНЫНА КЕЛДІ

ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Серік Қожаниязов Түркістан облысы Келес ауданында жұмыс сапармен болды. Сапар барысында ол елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты ауданда атқарылып жатқан жұмыстардың легімен танысты.
Мемлекеттік инспектор ең алдымен «Қазақстан Халық банкі» аудандық филиалында болып, жұмыс барысын бақылады. Банк ғимаратының халыққа қолайсыз жерде орналасқанын айтып, жаңа ғимарат салу мәселесін көтерді. Көлік көп өтетін күре жолдың бойында орналасқан ғимаратты көшіру керектігін ескертті.
Халық арасында медициналық маска мен антисептиктерге сұраныс жоғары болғандықтан Серік Қожаниязов аудан орталығындағы дәріханаларды аралап, ондағы жағдайды тексерді. Жағдай тұрақты. Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев жергілікті кәсіпкерлерлердің көмегімен, еріктілердің атсалысуымен, қорда қосымша 50 мыңдай бетперденің бар екенін атап өтті.
Мемлекеттік инспектор аудандық «Қазпошта» мен жұмыспен қамту орталығын және бірқатар сауда орындарын аралап, ондағы сақтық шараларының сақталуын тексерді. Жауаптыларға тиісті тапсырма берді.
Сондай-ақ, интернет жүйесі жетпеген Өзбекстан Республикасымен шекаралас жатқан 4 ауылдық округінің 10 елді мекен халқының мәселесімен танысты. Ондағы 20 мыңға жуық халықтың мәселесін Серік Қожаниязов жеке бақылауына алатын болды.

Қатысты жаңалықтар

Түркістан облысында Республика күніне орай республикалық «Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары өтеді

bastynews

От идеи к производству: как изменились возможности казахстанского бизнеса за семь лет

bastynews

АЗАМАТТЫҢ ҮНІ ЕСТІЛГЕН ЖЕРДЕ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТАДЫ

bastynews

БАСПАНА – ТЕК ТӨБЕ ЕМЕС, ОТБАСЫНЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ

bastynews

ТЕҢ МҮМКІНДІК – ӘДІЛ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

bastynews

«ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ» – ҚАЛАЛЫҚ СУРЕТ БАЙҚАУЫ

bastynews

ТҮРКІСТАНДА РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

bastynews

Түркістанда 570 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы 86%-ға орындалды

bastynews

Түркістанда облыстық сайлау комиссиясының отырысы өтті: Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық басталды

bastynews

bastynews

Пікір қалдыру