Санатталмаған

М.ӘЙТЕНОВ: «ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА»

AzatMedia.kz.Төтенше жағдай Шымкенттегі жол жөндеу жұмыстарына қолбайлау болмауы керек. Көшедегі көлік қозғалысының аздығы мен жұрттың жаппай үйде отырған сәтін тиімді пайдаланған жөн. Бүгін қала аумағында жүріп жатқан жол құрылыс жұмыстарының барысымен танысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов осылай, деді.

– Қаланың орталығында тұрсақ та талайдан бері топырақ кешіп жүр едік. Енді міне көшемізге асфальт жол төселіп, су ағар арықтар орнатылып жатыр. Әсіресе бұл жағдайға балаларымыз қатты қуанды. Көшеміздің ажары кірді. Бұл үшін қала тұрғындарының атынан алғысымыз шексіз,- деді қала әкімімен жүздескен «Самал-2» шағынауданындағы Сейітов көшесінің тұрғындары.

Қаладағы Гагарин көшесі мен Республика даңғылындағы жол құрылысы да қарқынды жүруде. Қалаға кіреберістегі орталық даңғыл бойындағы құрылысты аралаған қала басшысы мердігерлерге бірінші кезекте сапаға мән беруді тапсырды. Оған қоса карантин кезінде жұмысшылардың барлық сақтық шараларына мұқият болуды жүктеді.

«Самал» базарына барар жол бойының қос қапталындағы аяқжолдар мен суағар латоктардың арасында ашық жерлерді жасыл желекпен көмкеруді тапсырды. Жол құрылыс сапасын барлық талаптарға сай жүргізу үшін құрылыс басында күнделікті бақылаушылар сараптама жүргізіп жатыр. Оған қоса сол көше тұрғындарын тікелей құрылысты қадағалап тұруға шақырды.

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 297 606 шақырымды құрайды. Оның 56,5%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Қаладағы жол сапасын дамыту мақсатында 417,6 шақырым жолды құрылыс-жөндеу жұмыстарына биыл бюджеттен 25,6 млрд. теңге бағытталған. Оның 5,1 млрд. қаржысы республикалық қазынадан болса, қалғаны жергілікті бюджет есебінен жүргізілуде. Нәтижесінде 294 шақырым жол мен 6 көпір және 1 жолайрық пайдалануға беріледі.

Қала әкімі сондай-ақ Шымкент әуежайындағы жаңа терминал құрылысымен танысты. Мұндағы құрылыс бірнеше кезең бойынша жүруде. Барлық құрылғы заманауи үлгіде болады. Жолаушыларды өткізу және жүк қабылдау цифрлы түрде жүргізіледі. Одан кейін әуе кемелеріне арналған перронды кеңейту жоспарда бар. Терминалға апаратын жаңа жол мен инженерлік құрылым мен абаттандыру жұмыстары да бірге аяқталады, деп жоспарланған. Мердігерлермен жүздескен қала әкімі жүк тасымалдаушы көліктердің жүріп-тұруы үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі отандық. Сондықтан сапасы жоғары болады, деп атап өтті компания өкілдері.

Қатысты жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕГІ ЖАПОН САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ

bastynews

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

bastynews

ТҰРАН АУДАНЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ.

bastynews

ИНКЛЮЗИВНОЕ ОБЕСПЕЧЕНИЕ ИЗБИРАТЕЛЬНЫХ ПРАВ: ОРГАНИЗАЦИЯ ГОЛОСОВАНИЯ ВНЕ ИЗБИРАТЕЛЬНОГО УЧАСТКА В ТЕГИШШИЛЬСКОМ СЕЛЬСКОМ ОКРУГЕ

bastynews

РЕГИСТРАЦИЯ ИЗБРАННОГО АКИМА БОРЛЫСАЙСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

bastynews

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ VIII ХАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АШЫЛДЫ

bastynews

ВСТРЕЧА ШАРДАРИНСКОЙ РАЙОННОЙ ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КОМИССИИ С МОЛОДЕЖЬЮ

bastynews

ОБУЧАЮЩИЙ СЕМИНАР ДЛЯ ОРГАНИЗАТОРОВ ВЫБОРОВ В ШАРДАРИНСКОМ РАЙОНЕ

bastynews

РЕГИСТРАЦИЯ КАНДИДАТОВ НА ДОЛЖНОСТЬ АКИМА ЖАНАУЫЛЬСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

bastynews

ОТКРЫТИЕ КЛУБА МОЛОДЫХ ИЗБИРАТЕЛЕЙ В ГОРОДЕ АРЫС

bastynews

Пікір қалдыру