Ақпарат

Мектепте оқитын оқушыларға қойылар талап қатаң

Онлайн

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-да өткен баспасөз жиынында кезекші сыныптарға қойылатын талаптарды атап көрсетті, – деп хабарлайды Azatmedia.kz тілшісі.

Кезекші сыныптарға қатаң талаптар қойылады. Атап айтсақ, үзілістер мен сабақтар әртүрлі уақытта болады. Санитарлық талаптар да қатаң сақталуы керек. Күн сайын оқушылардың дене қызуы тексеріледі. Сабақтардың ұзақтығы 40 минутқа дейін болады деп жоспарлап отырмыз, – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі форматта оқитын оқушылар бір кабинетте ғана отырады. Өзге сыныптарға кіруге тыйым салынады. Сыныптағы оқушылар саны 15-тен аспауы тиіс. Асқан жағдайда 2 сыныпқа бөлінеді.

Айта кетейік, биыл елімізде 730 мыңнан астам оқушы дәстүрлі форматта оқиды. Оның 75 пайызы ата-аналардың өтініші бойынша ұйымдастырылған кезекші сыныптардың, қалғаны – шалғайда жатқан ауылдардағы шағын жинақты мектептердің оқушылары.

Қатысты жаңалықтар

Бүгін Отырар ауданында аудандық және қалалық ардагерлер ұйымдарының қызметін талдау, алдағы даму жоспарларын нақтылау және «Ұрпақ тәрбиесіндегі – бетбұрыс» тақырыбында кездесу өтті.

bastynews

Президент: Шымкентте Нұрай есімді бойжеткеннің кісі қолынан қаза болуы бүкіл елді дүрліктірді

bastynews

ШЫМКЕНТ: «МӘДЕНИ АСТАНА» ЖЫЛЫ АЯСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІ ІС-ШАРА ӨТЕДІ

Bastynews

Пікір қалдыру