Соңғы жаңалықтар

Зайнутдинов ЦСКА сапына ауысты

Ресейдің «Ростов» клубында өнер көр­сететін жерлесіміз Бахтиер Зайнут­динов енді ЦСКА командасының намысын қорғайды.

Қазақстан құрамасының ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновты сатып алу үшін ЦСКА мен «Ростов» келіссөздер жүргізіп, тараптар өзара келісімге келді. Зайнутдинов ЦСКА-мен 2024/2025 маусымға дейін келісімшарт жасасты.

Зайнутдинов «Ростовта» барлық турнирде 35 матч өткізіп, төрт голдың авторы атанды. Жартылай қорғаушының «Ростовпен»келісімшарты 2020 жылдың соңына дейін жасалған еді, ал оның трансферлік құны екі миллион еуроға бағаланады.

Айта кетейік, отандасымыз «Ростов» сапында 2019 жылдың басынан бері ойнап келеді. Биыл ол Ресей біріншілігінде 4 кездесуге қатысты. Ал өткен маусымда 17 ойында ойнап, төрт гол соғып, екі голдық пас берген.

Қатысты жаңалықтар

Ұлттық қордың валюталық активтері азайған

Bastynews

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні

Bastynews

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру