Ақпарат

Атырау облысында алаяқтық сипаттағы 8 интернет-қылмыс ашылды

Атырау

Атырау облысының полиция қызметкерлері 18-20 тамыз аралығында ақпараттық технологияларды, соның ішінде интернет-алаяқтықпен жасалатын құқықбұзушылықтарға қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған «Anti-fraud» республикалық жедел алдын алу шарасын өткізуде, деп хабарлайды Azatmdia.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш шараның алғашқы күні Атырау облысында бұрын жасалған алаяқтық сипаттағы сегіз интернет-қылмыс ашылды.

Сонымен қатар порнографиялық материалдарды тарату фактісі анықталып, ҚР Қылмыстық кодекстің 311-бабы (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) бойынша тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары Instagram әлеуметтік желісінде жиһаз сату туралы хабарландыру жариялап, Атырау қаласы тұрғынынан 260 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем алған Қарағанды облысының тұрғынын ұстады. Тексеру барысында ұсталған азаматша осы тектес бірнеше алаяқтық қылмысқа қатысты екені анықталды. Өз кінәсін толық мойындаған әйел әзірге қолхатпен босатылды.

Қатысты жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫҚПАЛДАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ: ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СИЯНЬ ШЕТТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ ХОУ ДЖИАНБОНЫҢ РЕСМИ САПАРЫ

bastynews

Алматыда бір отбасын ойрандаған сантехниктің кім екені белгілі болды

Bastynews

ТӨРТ МОБИЛЬДІ ТОП ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ

Bastynews

Пікір қалдыру