Қоғам

Әлеуметтік көмек қаражатымен кәсібін дөңгелетуде

Келес ауданының Ошақты елді мекенінің тұрғыны атаулы әлеуметтік көмек қаржысына қазы алып өз кәсібін дөңгелетіп отыр, деп хабарлайды Azatmedia.kz.


Ошақты елдімекенінің тұрғыны Ерғали Каюпов атаулы әлеуметтік көмекке 90 мың теңге алған. Жылдың басында ол 7 қазы алып, бүгінде 104 қазыға жеткізіп отыр. Сондай-ақ аталған қаржыға жем-шөп, қазыларға арналған қора салған.


«Негізі бір қазы 160-170 жұмыртқа береді, келесі жылы қаз басын 1200-ден асыруды жоспарлап отырмын. Қаз басын көбейткен соң сатылымға шығаруды көзеудемін. Қазіргі таңда бір қазының бағасы 6 мың теңге тұрады»,- дейді Ошақты елді мекенінің тұрғыны Ерғали Каюпов.


Қазы бағушының айтуынша, 104 бас қазыға күніне бір қап жем кетеді. Олардың жұмыртқасының бір дана бағасы 500 теңге, ал шөжелерідің бағасы 1500 мың теңгеден асады.


Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жәрдемнің барын айтқан шаруа өз ризашылығын айтуда.
Жалпы, мал шаруашылығы саласында аудан көлемінде «Алтын асық» бойынша – 1588 бас тұсақ мал, «Құлан» бағдарламасы аясында – 123 бие және «Сыбаға» бойынша 459 бас сиыр сатып алынған. Сонымен қатар, 62 шағын мал бордақылау алаңдарын құрылып, 46 дана ауыл шаруашылығы техникалары жаңартылды.

Қатысты жаңалықтар

Досың қандай болса, сен де сондайсың

bastynews

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ: ЖАСТАР КӨЗҚАРАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

bastynews

НОВАЯ ВАУЧЕРНАЯ СИСТЕМА В СФЕРЕ ДОПОЛНИТЕЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ — ВАЖНЫЙ ШАГ К ОТКРЫТОСТИ И СПРАВЕДЛИВОСТИ

bastynews

Пікір қалдыру