Қоғам

Ішкі орам жолдары жөнделуде


Келес ауданының Бірлік ауылдық округінде жалпы аумағы 6,6 шақырым ішкі орам жолдары жөнделеді, деп хабарлайды azatmedia.kz.


Ошақты ауылдық округінің ішкі жол көшелерінің жалпы ұзындығы 107,7 шақырым жол бар. Бүгінгі таңда ауылдық округке ішкі орам көшелеріне 1,2 шақырым асфальт, 5,4 шақырымына шағалтас төселді.
Атап айтқанда Ошақты елді мекенінде Гараж, Қазыбек би көшелерінде асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Оған мемлекет тарапынан 22,842 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстарды «Достық Спец Транс» ЖШС-і атқарды. Сондай-ақ, Диірмен, Ғ.Мустафин көшелеріне шағалтас төсеу жұмыстары да жүргізілді. Жеңімпаз деп танылған «Портнерс Продакшн Груп» ЖШС жалпы құны 18,478 млн. теңге жұмысты аяқтады.


Сондай-ақ, Абай ауылының ішкі 23 көшесіне «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Республикалық қаржы есебінен жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен абаттандыру жұмыстары қоса атқарылуда. Бүгінгі таңда аталған құрылыс жұмыстарының 80 пайызға жуық көшесі аяқталды. Бұл қатарда, аудан орталығының басты 2 көшесі яғни, Д.Қонаев және Т.Рысқұлов көшелері толығымен қайта жөндеуден өтіп, ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етуде.

Қатысты жаңалықтар

Социальные объекты под особым контролем: школы и больницы Шымкента полностью готовы к зиме

bastynews

ТҮРКІСТАН: ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНА ҚУАТ БЕРУДЕ

bastynews

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА РЕФЕРЕНДУМ КҮНІ СУРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

bastynews

Пікір қалдыру