Ақпарат Қоғам

Қазақстанда балаларды шетелде емдеу қажеттілігін 50%-ға төмендету жоспарлануда

Диагностика мен емдеудің озық технологияларын енгізу шетелдік клиникаларға жіберілетін балалар санын екі есе азайтуға мүмкіндік береді. Үкімет отырысында жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндады.

Оның айтуынша соңғы үш жылда шетелге туыс емес донордан бағаналы жасушаларды трансплантациялауға балаларды жіберу 3 есеге, ал кардиохирургиялық емге жолдау 5,2 есеге қысқарды. Жыл сайын 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық операциялар жасалып, жүрек ақаулары дер кезінде түзетілуде. Биыл протондық, йодтерапия және тамырлы ақауларды емдеу толық қолжетімді болады.

💬Біз ми ісіктері мен тамырлы патологияларды бір сатылы емдеу үшін гибридті операциялық бөлмелерді енгізіп жатырмыз. Қызметті жаңғырту аясында 36 балаға «гамма-пышақ» аппаратында радиохирургиялық операциялар жүргізілді.

Жыл сайын 400 балаға есту импланттары орнату бойынша операциялар жасалады, орта есеппен 700 шала туған нәрестеге ретинопатияны түзету жүргізіледі. Жоспарланған іс-шаралардың барлық кешені азаматтардың шетелге емделуге жіберілуін 50%-ға төмендетуге мүмкіндік береді💬, — деп атап өтті министр.

Қатысты жаңалықтар

Ақбастаудан жаңа 300 орынды мектеп соғылады

Bastynews

СТУДЕНЧЕСКАЯ ИНФРАСТРУКТУРА НОВОГО ПОКОЛЕНИЯ: В TASHENEV UNIVERSITY ОТКРЫТО ОБНОВЛЁННОЕ ОБЩЕЖИТИЕ

bastynews

Шымкенттік дәрігерлер бүйректегі тасты отасыз емдеп жатыр

bastynews